Отандасымыз 73 келіде күресті
Дзюдо күресінен Парижде өтіп жатқан «Grand Slam» жарысында қазақ балуаны Жансай Смағұлов екінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз 73 келіде күресті. Ол финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді.
Ол іріктеу кезеңінде Виктор Стерпуді (Молдова), Ахн Жонсунгты (Оңтүстік Корея), Артур Маргелидонды (Канада), Алеко Мамиашвилиді (Грузия) және Самон Махмедбековты (Тәжікістан) жеңді. Ал жартылай финалда моңғолиялық Ценд-Ошир Цогбаатарды айқын басымдықпен ұтты.
Бірақ шешуші кезеңде 2017 жылғы әлем чемпионы жапониялық Соиши Хашимотоға есе жіберіп, күміс медальға ие болды.