Қазақстандық параспортшылар олимпиадаға аттанды
inform.kz
Қысқы паралимпиада ресми түрде 4 наурызда ашылып, 13 наурызға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Отандық параспортшылар қысқы олимпиадаға жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін қазақстандық паралимпиадашылар Қытай астанасы Бейжіңге ұшты.
Қысқы паралимпиада ресми түрде 4 наурызда ашылып, 13 наурызға дейін жалғасады.
Айтулы додада ел намысын Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев парашаңғы және парабиатлон спорты түрінен қорғайды.
Бұған дейін еліміздің паралимпиада комитеті ұлттық құраманы жасақтап, спортшылардың жарыс кестесін жариялаған еді.
Бейжің-2022 паралимпиадасында көк туды шаңғы спорты түрінен әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
23.09.2026 08:00
Алматыда үшем дүниеге келді
22.09.2026 14:49
22 қыркүйекке арналған валюта бағамы
22.09.2026 08:20