Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы кезекті маңызды матч алдындағы жаттығу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Украина, Финляндия және Боснияға қарсы ойнайды.
Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов қыркүйек айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жария еткен болатын.
Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Щацкий («Шахтер»);
Қорғаушылар: Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе») Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»);
Жартылай қорғаушылар: Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Айдос Тәттібаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Алексей Щеткин («Ротор», Ресей);
ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМ:
Қақпашы: Дмитро Непогодов («Астана»);
Қорғаушылар: Михаил Габышев («Шахтер»), Нұрлан Дайыров («Қызыл-Жар СК»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Бағдат Қайыров («Тобыл»);
Жартылай қорғаушылар: Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Максим Федин («Ақтөбе»), Бауыржан Байтана («Тараз»)
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Роман Мұртазаев («Балтика», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).