Алматыда жартылай марафоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Olympic.kz мәліметінше, 1.06.57 нәтижесімен Рахымжан Келманов және 1.18.02 нәтижесімен Мадина Керимова еліміздің абсолютті чемпионы атанды.⠀
Екінші орынды Ислам Аманқос – 1.08.27, Ақбаян Нұрмамет 1.19.01 алды.⠀
Ал үшінші орынды Ержан Жанарыстанов – 01.09.44 және Татьяна Нерознак 1.20.23 көрсеткіші бойынша иемденді.