Әке мен бала: Алматыда спорттық сайыс өтті

14.05.2024 20:58

Жарыста 25 топ бақ сынады

Almaty.tv

Алматыда «Әке мен бала» спорттық сайысы өтті. Дода қалалық Қоғамдық даму басқармасының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарысқа 7-8-сынып оқушылары әкесімен қатысты. Жарыста 25 топ бақ сынады.

– Іс-шара «Асқар тауым қамқоршым» деп аталды. Әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты, әкенің қолдауын көрсеткіміз келді, – деді ұйымдастырушы  Жәнібек Алпысбай.

Қатысушылар эстафеталық кезеңнен өту, ләңгі тебу, асық ату сынды ұлттық ойын түрлері бойынша тайталасты. Мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, бала тәрбиелеудегі әкенің рөлін айқындау.

– Жастар ұялы телефонды көп қолданады. Керемет жарыс ұйымдастырылғанына қуаныштымыз. Келешекте ұлдарымыз спортқа бейім болады деген сенімдеміз, – деді қатысушы Ерлан Базарханұлы.

Оқи отырыңыз: WorldSkills Almaty 2024 чемпионатының жеңімпаздары анықталды