«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

15.10.2018 21:10

Алматылық «Қайрат» бас бапкері Карлос Феррерді жұмыстан босатты.

Бұл туралы бүгін клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді. Өйткені, ол алдына қойған міндеттерді орындай алмаған. Ал уақытша команданы Андрей Карпович басқаратын болады. Бүгін Германияның құрама командасымен 19 жыл жұмыс істеген жаттықтырушының кеңесшісімен қол қойылды. Жуық арада ол академиядағы командаларды өз қарамағына алмақ.

Еске сала кетсек, 43 жастағы испандық Феррер «Қайратты»  2017 жылдың жаз айынан бері жаттықтырған.  

«Бүгін Феррермен келісім-шарт бұзылды. Ол алдына қойылған міндеттерді орындай алмады. Ол жақсы маман. Тек тәжірибе жетіспеді. Оған қоса, тіл білмеуі қиындық туғызды. Біз соңғы жылдары жастарды дамытумен айналысып жүрміз. «Қайрат» дамудың жаңа бағытын ұстанады. Андрей Карповичтың алдында Қазақстанның кубогын жеңу міндеті тұр», – деді «Қайрат» футбол командасы Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат БОРАНБАЕВ.