Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінің қола жүлдегері атанды
olympic.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жапонияның Ногая қаласында шорт-тректен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша финал аяқталды. Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Никиша тиісті қашықтықты 58.267 уақытта бағындырып қола жүлдеге ие болды.
Айта кетерлігі, бұл Денис Никишаның биылғы маусымдағы екінші жүлдесі. Қытайда өткен әлем кубогінің бірінші кезеңінде де ол қола жүлдені жеңіп алған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06