Шахматшыны Мемлекет басшысы құттықтады
«Бұл – бүкіл қазақ елінің жеңісі». Үндістанда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Қазыбек Нөгербек осылай деді. Спортшы соңғы кезеңде өзінің басты қарсыласы – армениялық гроссмейстер Мамикон Гарибянды жеңіп, 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған жарысқа 13 гроссмейстер, 27 халықаралық шеберді қосқанда, 123 шахматшы қатысып, бақ сынады. Үндістандағы тарихи жеңісінен кейін Қазыбек Нөгербек Әлем кубогына жолдама алды. Шахматшыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, жарқын жеңіс тіледі.
– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзін естігенде қуандым. Енді қобалжып отырмын. Мен үшін бұл – үлкен нәтиже, өзім сене алмай отырмын, – деді шахматшы Қазыбек Нөгербек.
Оқи отырыңыз: Азия чемпионаты: теңге ілуден Қазақстан құрамасы үздік атанды