Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 4 миллионнан асты

11.05.2020 21:05

Індетке шалдыққандар саны бойынша АҚШ көш басында тұр

bbc.com/GETTY IMAGES

Әлемде аталған қатерлі індетті 4 миллион 102 мың 849 адам жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Індетке шалдыққандар саны бойынша АҚШ көш басында тұр. Онда 1 миллион 329 мың 791 азамат. Испания мен Ұлыбританияда бұл көрсеткіш шамамен 220 мыңның маңайында. Ресейде 209 мыңнан астам жағдай тіркелген. Жалпы жаһанда коронавирустан 282 мың адам көз жұмды.