Ол польшалық теннисші Магда Линеттті 7:5, 6:3 есебімен ұтты
Әлемнің 45-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогының командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Астанада өтіп жатқан турнирдің алғашқы ойынында Юлия әлемнің 19-ракеткасы, польшалық теннисші Магда Линеттті 7:5, 6:3 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Путинцева бірінші сетте 0:4, 2:5 есебімен қарсыласынан артта келе жатып, үш сетте ойнап, камбэк жасады.
Енді екінші ойынында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Вероника Фальковскаямен ойнайды.