Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирдің чемпионы атанды

27.08.2023 21:07

Турнир Накхонситхаммаратта (Таиланд) өтті

olympic.kz

Қазақстандық Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған қазақстандық теннисші жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыс барысында бес теннисшіні тізе бүктірді.

Өтірікке құрылған ғұмыр | Өмір иірімі

Финалда 25 жастағы Г.Ломакин әлемнің 680-ші, доданың 3-ракеткасы Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда қазақстандық спортшы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:2). Екіншісінде 4:6 есебімен есе жібергенімен, шешуші сетте жеңісті жұлып алды – 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың АҚШ ашық чемпионатында негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.