Қазақстандық парадзюдошы Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

29.04.2023 21:08

Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын

Almaty.tv

16 жасар қазақстандық парадзюдошы Альфия Тілекқабыл Азия чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Пара дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан Азия Чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсті.

J1-57 келі салмақта белдескен 16 жастағы Альфия Тілекқабыл айналым жүйесі бойынша өткен жарыста екі белдесуде жеңіп, Азия Чемпионы атанды.

Азия біріншілігінің алғашқы күнінде Даяна Федосова (J2-57) және Ерғали Шәмей (J1-73) чемпион атанса, Ақмарал Науатбек (J2-48) күміс және Олжас Оразалыұлы (J2-73) қола жүлдегер болды.