Бүгін әлемнің 4-ракеткасы испаниялық теннисші Сара Соррибес Тормомен ойнауы керек еді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 3 маусымда Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің 1/8 финалында испаниялық теннисші Сара Соррибес Тормомен ойнауы керек еді.
Алайда Елена Рыбакина кеше ауырып қалғанын, қызуы болғанын қазір де өзін жайсыз сезінетінін айтқан.
Айта кетейік, "Ролан Гаррос" турнирінде жекелей сында ерлер арасында да, әйелдер арасында да бірде-бір теннисші қалған жоқ.
Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина WTA рейтингінде жоғарылады