Головкинге шешім қабылдау үшін бес күн беріліп отыр
Геннадий Головкин өз салмағында бір титулды қорғауға міндеттелді. WBA оған келесі қарсыласты ұсынып, шешім қабылдауға талап қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Күні кеше қазақстандық боксшы Лас-Вегас қаласында Сауль "Канело" Альвареспен бокстасып, суперорта салмақта төрт титул үшін таласқан. Оған көтерілу үшін Головкин төрт келі қосқан. Алайда мексикалық боксшыдан жеңілсе де, өз салмағында WBA Super мен IBF белбеуінің иегері болып қалды.
vRINGe.com ақпаратына сәйкес, Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы WBA қазақстандық боксшыны осы тұжырым бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақты қорғауға міндеттеді. 40 жастағы Головкин WBA World белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесуі керек. Биыл Лара 39 жасқа толды.