Қазақстандық Қытайда шорт-тректен әлем кубогінің қола жүлдесін жеңіп алды
olympic.kz
Денис Никиша 500 метр қашықтықты 40.876 секундта жүгіріп өткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шорт-тректен Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогінің бірінші кезеңінде Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Қазақстандық Денис Никиша 500 метрге жарысудан әлем кубогінің қола медалін иеленді. Ол аталған қашықтықты 40.876 секундта жүгіріп өткен.
Алтын және күміс медальді венгриялықтар Шаолин Сандор мен Джон Генри Крюгер жеңіп алды.
Айта кетелік, финалда екі рет ережені бұзғаны үшін Қытай және Канада спортшылары жарыстан шеттетілді.
Бейжіңдегі әлем кубогінің бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Бұған дейін Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан күміс медаль еншілеген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59