Қазақстандық Қытайда шорт-тректен әлем кубогінің қола жүлдесін жеңіп алды

23.10.2021 21:12

Денис Никиша 500 метр қашықтықты 40.876 секундта жүгіріп өткен

olympic.kz

Шорт-тректен Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогінің бірінші кезеңінде Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Қазақстандық Денис Никиша 500 метрге жарысудан әлем кубогінің қола медалін иеленді. Ол аталған қашықтықты 40.876 секундта жүгіріп өткен.

Алтын және күміс медальді венгриялықтар Шаолин Сандор мен Джон Генри Крюгер жеңіп алды.

Айта кетелік, финалда екі рет ережені бұзғаны үшін Қытай және Канада спортшылары жарыстан шеттетілді.

Бейжіңдегі әлем кубогінің бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Бұған дейін Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан күміс медаль еншілеген болатын.

Теги: жарыс