Бүгінде ұлттық күресіміз әлемнің 50-60 мемлекетінде тамыр жайып, дамып отыр
Елордада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеуі мақсатында «Нұр-Сұлтан Барысы» жарысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Кейінгі он жылда қазақ күресі Үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында қанатын кеңге жайып, халықаралық аренаға шығып үлгерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Төл спортымыз – қазақ күресін олимпиялық ойындар деңгейіне дейін көтеруге күш салуымыз керек» деген тапсырмасы аясында қарқынды жұмыс жүргізіліп, бүгінде ұлттық күресіміз әлемнің 50-60 мемлекетінде тамыр жайып, дамып отыр», – деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макен жарыс алдында.