Қазақстан тумасы UFC турнирінің басты жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді
CC0
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында UFC Apex аренасында UFC on ESPN 39 турнирінің басты жекпе-жегі өтті.
Жекпе-жекте Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (11-1) пен бразилиялық файтер Рафаэль дос Аньос (31-13) жұдырықтасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын, бірақ ол соңына дейін өтпеді. Физиев соңғы бес минутта қарсыласын нокаутпен жеңді.
Осылайша, Рафаэль он екінші жеңісіне қол жеткізсе, дос Аньос ММА-да он төртінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетері, Рафаэль Физиев 1993 жылы 5 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауылында дүниеге келген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30