Велоспорттан ерлер арасындағы жеңімпаз анықталды

21.09.2021 21:14

Турнирге қатысқан спортшылар 30,3 км қашықтықты бағындырды

ашық дереккөз

Бельгияда велоспорттан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін Әлем чемпионаты аясында 23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирге қатысқан спортшылар Нокке -Хейст - Брюгге бағыты бойынша 30,3 км қашықтықты бағындырды.

Қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтижені Евгений Федоров көрсетті. Ол жарыс қорытындысы бойынша 20-орынға жайғасты. Тағы бір қазақстандық велошабандоз Игорь Чжан 37-ші болып келді.

Жарыс жеңімпазы Йохан Прайс-Петерсен (Дания) болса, Люк Плапп (Австралия) екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Флориан Вельмерш (Бельгия) қорытындылады.