Тамара Олжабаева жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатының финалына өтті

09.11.2019 21:15

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері бүгін анықталады

Olympic.kz

Бұл күндері Индонезияның Богор қаласында жартасқа өрмелеу спортынан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасының мүшесі Тамара Олжабаева «боулдеринг» бағдарламасы бойынша финалға жолдама алды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері бүгін анықталады. Ал, «жылдамдық» бойынша Қазақстан ерлер командасының үш мүшесі кеше финалға шыққан болатын.