Токио олимпиадасы мүлдем өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл 24 шілде мен 9 тамыз аралығында болуы тиіс жаһандық жарыс коронавирустың кесірінен 2021 жылға шегерілген еді. Алайда олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Есиро Мори, Никкан Спортс газетіне берген сұхбатында байрақты бәсекені тағы шегеру ойларында жоқ екенін айтты. Одан да мүлдем бас тартқан тиімді екенін жеткізді. Егер, келесі жылға дейін әлем COVID-19-ды жеңбесе, осындай шешім қабылдаймыз делінген басылымда. Еске салайық, 1916 жылы Берлиндегі олимпиада әскери қақтығыстар үшін болмаған еді. Сондай-ақ, 1940 жылы Токиода, 1944 жылы Лондондағы ойындар өтпеді. Ал, Мюнхендегі 1972 жылғы олимпиада ойындары терактының кесірінен тоқтатылып, кейін қайта жалғасқаны тарихта бар.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!