Арасында олимпиада чемпионы Нижат Рахимов та бар
Қазақстандық ауыр атлеттер жалақысын жарты жыл бойы ала алмай жүр. Жанайқайын спортшылар бірауыздан бейне-үндеу арқылы жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіге жүктелген видеода еліміздің ауыр атлетика құрамасының бірнеше мүшесі алты ай бойы айлық алмағанын айтады.
«Мен, Нижат Рахимов, Олимпиада чемпионымын. Біз қазақстанның ауыр атлетика құрамасының мүшесіміз. Айлығымызды алмағанымызға жарты жыл болды. Федерация бұл жайтты түсіндіре алмай отыр», – деді ҚР Ауыр атлетика құрамасының мүшесі Нижат РАХИМОВ.