Жарыс Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында өтті
Садақ атудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында мергендер өзара мықтыны анықтады.
Жарыс нәтижесі бойынша Алматы облысының спортшысы Сұлтан Дүзелбаев топ жарды. Оның командаласы Ильфат Абдуллин күміске ие болды. Ал қола жүлдеге Санжар Мұсаев қол жеткізді.