Сурдлимпиада ойындарына кеткен команда Алматыға жеңіспен оралды

21.12.2019 в 21:23

Winter Deaflympics 2019 сайысы Италияда өтті

Жеңіспен оралды! Бүгін қала әуежайында Италияда өткен 19-Сурдлимпиада ойындарының триумфаторларын қарсы алу рәсімі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы командасының ерлер құрамасы шахматтан алтын медаль алса, спортшылардың бірі сноубордтан 4-орынға ие болды.

Жалпы, жарысқа әлемнің 40 елінен есту қабілеті нашар спортшылар қатысқан.