Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылады

01.08.2020 в 21:24

2023 жылы бұл команда премьер-лигада ойнауды жоспарлап отыр

Павлодарда жаңа футбол клубы құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда «Ертіс» футбол клубы жабылғаннан кейін жаңа «Павлодар» футбол клубы құрылды. Клубтың штаты әлі жасақталған жоқ. Бірақ жаңа клубтың алдында 2021 жылы 2-ші лигада доп теуіп, 2023 жылы премьер-лигада ойнау секілді үлкен міндеттер тұр.