Алматыда гандболдан қыздар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жарыста Қазақстан құрамасы жоғары өнер көрсетіп, командалық есепте 3-орынға табан тіреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда гандболдан 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ұйымдастырылған Азия чемпионаты аяқталды. Бір аптаға созылған сары құрлық додасына 5 мемлекеттен барлығы 100-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты. Жарыста Қазақстан құрамасы жоғары өнер көрсетіп, командалық есепте 3-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

   

Қазір Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасында кезекті ойын өтіп жатыр. Әзірге спортшыларымыз 6 доп басымдығымен алда келеді. Яғни, таблодағы есеп – 15:9.

Қазақстан құрамасы бір аптаға созылған чемпионаттың соңғы күнінде Өзбекстанға қарсы ойнады. Гандболшы қыздарымыз матчтың алғашқы бөлігінде қарсыластар қақпасына қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, басымдықты өз қолдарына алды. Ал 2-таймда ойын тең дәрежеде өрбіп, 2 жақ та гол салумен болды. Қорытынды есепте жерлестеріміз 29:22 есебімен қарсыластарынан басым түсіп, көрермен қошеметіне бөленді. 

«Бізде 2 жеңіс, 1 жеңіліс бар. Алла қаласа, осы жарыста 1-ші және 2-ші орын алғандарға жодама беріледі», - деді ойыншы Аружан Әмит.

Алайда спортшыларымыз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса да, шілде айында Словенияда өтетін әлем біріншілігіне баратын жолдамадан қағылды. Себебі аталмыш чемпионатқа 1-ші және 2-ші орын алғандар ғана барады. Бұл мүмкіндікке Иран мен Үндістан қыздары қол жеткізді. Десе де, отандастарымыз жарыста өзгелермен тең дәрежеде өнер көрсетіп, лайықты қарсылас атанды.     

«Қазақстанда гандбол спорты ерлер мен қыздар арасында жақсы өсіп, дамып келе жатыр. Қазір елімізде ерлер арасында 24 топ, әйелдер арасында 23 топ бар», - деді ҚР Гандбол федерациясының президенті Гүлнәр Тұрлыханова.

Айта кетейік, бұл чемпионатқа Азия фавориті саналатын Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай спортшылары өз елдеріндегі коронавирустық жағдайға байланысты қатыса алмады.

Мерей Қанапиянов, Жақсылық Тілепбергенов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров