Қазақстанда көру қабілеті бұзылған балалар арасында алғаш рет шоудауннан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Екі күнге созылған дода Алматы қаласының №4 арнайы мектеп-интернатында болды. Оған Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау және Өскемен қалаларынан келген 20 бала қатысты.
«Бұл спорт түрін маған шоудаун федерациясының президенті Марат Қожахметов көрсеткен еді. Шоуданмен күнде айналысамын. Күнделікті жаттығуыма 1 сағат кетеді», – дейді қатысушы Диас Айтуаров.
Шоудаун – еліміз үшін жаңа спорт түрі. Форматы үстел теннисіне келеді. Қазақстанда онымен ерекше жандар көптеп айналысады. Оның ерекшелігі – ойын барысында спортшылар доптың дыбысын есту арқылы ұрады. Ол үшін көрерменнің тыныштықты сақтауы маңызды.
«Федерацияның құрылғанына 1 жыл толды. Алайда бұл спорт түрін елде дамытып жатқанымызға 5 жыл болды. Бұған дейін ересектер арасында бірнеше турнир өткізіп үлгердік. Ал балалар арасындағы жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шоудаунға қызығушылық танытқандар саны артып келеді», – деді Қазақстандағы шоудаун федерациясының президенті Марат Қожахметов.
Оқи отырыңыз: Қонаев қаласында еліміздегі ең үлкен скейтпарк ашылды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!