Қонаев университетінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шараға белді заңгерлер, шетелден келген ғалымдар және мемлкеттік орган қызметкерлері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Құқықтық мемлекет құруда білікті кадр даярлау маңызды». Қонаев университетінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда оқу орнының ректоры осылай деді. Басқосуда конституциялық реформаларды іске асыру, құқық үстемдігін арттыру және еліміздің әлеуметтік-мәдени бағытын дамыту мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға белді заңгерлер, шетелден келген ғалымдар және мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты. Заңгерлер дайындауда білім мекемесінің алар орны айшықты екені айтылды.

«Біздің академия білікті мамандарды дайындап шығарады. Елімізге үлкен үлес қосып жатыр. Олармен қоса, қаржыгерлерді дайындап жатырмыз», – деді Қонаев университетінің ректоры  Өмірәлі Жалаири.

Оқи отырыңыз: Зағип жандар жарысы: Алматыда алғаш рет шоудауннан турнир өтті

Новости партнеров