|
09.03.2022 | 20:52
6365

Қысқы паралимпиада: Александр Герлиц спринтте 5-орын алды

Отандасымыз 1 жарым шақырымдық бәсекені 2 минут 50 секундта жүріп өтті

Қысқы паралимпиада: Александр Герлиц спринтте 5-орын алды


Қазақстан паралимпиада құрамасы Александр Герлицтің жүлдесінен соң турнир кестесінде әзірге 17-орында тұр. Оның қоржынға салған қоласы ел тарихында төрт жылдықтың басты додаларындағы үшінші медаль болатын. Параспортшыларымыз 1994 жылы Лиллехаммер паралимпиадасында 1 күміс еншілесе, Пхенчханда алтын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

    

Қазақстан паралимпиада құрамасы 1994 жылдан бері 10 медаль ұтып алыпты. Оның 7-уі жазғы спортшыларға тиесілі болса, қалған 3-уі қысқы атлеттерге бұйырыпты. Соңғысын кеше ғана Александр Герлиц олжалаған болатын. Ол парабиатлонда 10 шақырымдық бәсекеде үздік үштіктен көрініп, қола жүлдегер атанды. Бұл сында мәре сызығын бірінші болып канадалық Марк Аренц кессе, күміс медаль украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.  

«Бұл – менің паралимпиада ойындарындағы алғашқы медалім. Қатты толқып тұрмын. Маған қолдау білдіріп, соңына дейін бірге болған жандарға алғысым шексіз. Қазақстандықтарға сәлем жолдаймын», - деді паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц.

Артынша отандасымыз бүгін де жарыс жолына шығып, 1,5 шақырымдық сайыстың ақтық кезеңіне дейін сүрінбей жетті. Финалда кіл мықтылардың арасында өнер көрсетіп, үздік бестіктен көрінді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында Александр Герлицті қола жүлдесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Одан бөлек елдегі қазақстандық танымал спортшылар да әлеуметтік желілерде паралимпиадашыларға бірінен соң бірі қолдау білдіруде.

«Алдағы уақытта жарыс жолына шығатын спортшыларға сәттілік тілеймін. Жоғары деңгейде өнер көрсетіп, елге жүлдемен оралыңыздар», - деді ардагер футболшы Самат Смақов.  

«Менің паралимпиадашыларға тілерім – үздік нәтижелерге қол жеткізіп, биіктен көріңіздер. Бастысы, жеңіс жолында аянбай, қазақстандықтарды қуанта беріңіздер», - деді олимпиада чемпионы Ольга Шишигина.

Айта кетейік, Бейжіңде өтіп жатқан паралимпиада ойындарына ел атынан спорттың 2 түрінен 5 спортшы қатысып жатыр.

Мерей Қанапиянов, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

спортшы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир