Алайда бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды
Шавкат Рахмоновтың жанкүйері, UFC журналисі Лора Санко кумиріне деген көзқарасын ашық айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі MMAnews-ке сілтеме жасап.
Лора Санко сұхбатының бірінде Рахмоновқа спортшы ретінде қызығатынын айтқан еді. Алайда бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
«Мен бұл адамға ғашық емеспін, маған оның жекпе-жегі ұнайды. Бүкіл ел мені «сол адамға өлердей ғашық» деп ойлайды. Сондықтан мен нақтылауым керек. Мен оның жанкүйерімін, бірақ мен оны ұнатпаймын. Бүкіл Қазақстан бұл оқиғаға таңданды, өйткені маған бірден жаңа 20 мың оқырман тіркелді», - дейді Санко.