Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін көктемде өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Найман» өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты.
«Келесі жекпе-жекті Қазақстанда Рамазанға дейін өткіземін!», – деп жазды Хамитов.
Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 14 сәуірде басталады.
Қуат Хамитовтың соңғы жекпе-жегі Қаңтарда Магнитогорск қаласында (Ресей) өтті, онда ол 50 секунд ішінде ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа түсірген еді.
Сондай-ақ, өткен айдың соңында Хамитов Алмалы аудандық соты дезинфекторларға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін оның алты айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Енді Хамитовке осы уақыт аралығында елден кетуге тыйым салынды.