Қазақстандық спортшылар Mussanah Race Week халықаралық турнирінде топ жарды

02.03.2020 21:34

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында қос қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді

olympic.kz

Оманның Маскат қаласында желкенді спорттан халықаралық Mussanah race week турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында қос қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді. Аталған санат бойынша Карина Жанғазова  көш бастап, жарыс жеңімпазы атанды. Ал оның командаласы Яна Белозерова болса Қазақстан қоржынынына қола жүлдені салды. Айта кетерлігі, аталған жарыс Маскатта (Оман) 24 ақпан мен 1 наурыз арасында өтті.