21 мемлекеттің кіл мықтылары қатысқан шараға синхронды жүзуден Қазақстан құрмасының мүшесі Әйгерім Исаева ат салысты
Қазақ спортшысы әлемнің үздіктерімен бірге онлайн жаттығу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
21 мемлекеттің кіл мықтылары қатысқан шараға синхронды жүзуден Қазақстан құрмасының мүшесі Әйгерім Исаева ат салысты. 28 спортшының қатарында Олимпиада мен Әлем чемпиондары да бар. Әйгерім онлайн дәріске шақыртуды Американың бас жаттықтырушысы Андреа Фуэнтестен алған.
Азия елдерінен тек Қазақстан, Өзбекстан мен Сингапур спортшылары ғана қатысты.
«Мұндай шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – қандай жағдай болмасын біз спортпен шұғылданатынымызды және бірге екенімізді көрсету. Мен үшін әлемнің ең беделді спортшыларымен бірге жаттығу жасау үлкен мақтаныш және Қазақстан спортшылары да карантин уақытында спорттан қол үзіп қалмағанын көрсеттім», – деді синхронды жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Әйгерім ИСАЕВА.