Футзалдан кәсіби мамандар өнер адамдарына шеберлік сағатын өткізді

Almaty.tv
Almaty.tv
Блогерлер мен әртістерден құралған клуб әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Футзалдан алматылық «Қайрат» пен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака өнер адамдарына шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

  

Бүгінде блогерлер мен әртістерден құралған «Алатау» клубы Ресейде өтетін әлем чемпионаты алдындағы дайындықтарын бастап кеткен болатын. Сондықтан олар бразилиялық жаттықтырушының тәжірибесіне сүйеніп, оқу-жаттығу жиынын бірге өткізді.

Айта кетейік, аталмыш клуб өкілдері 2019 жылы Мәскеуде өткен әлемдік жарыста топ жарған еді.  

«Қазір команда қайтып құрылып, жинақталып жатырмыз, Аллаға шүкір. Енді тамыз айына дейін біраз уақыт бар. Сондықтан оған дейін өзіміздің бабымызға келеміз деп ойлаймыз. Дайындықтар жақсы боп жатыр», - деді әнші Нұржан Керменбаев.

Одан бөлек, Рикардо Кака мен өнер адамдары Бейжіңдегі XXIV Қысқы олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан спортшыларымызға сәттілік тілеп, қолдау білдірді.  

«Қысқы олимпиада ойындарын үнемі бақылап, Қазақстан үшін жанкүйер болып отырамын. Әрине, әзірге қоржында медаль жоқ. Дегенмен жарыстың аяқталуына әлі бірнеше күн бар. Сондықтан жүлдемен оралады деп үміттенемін», - деді футзалдан «Қайрат» құрамасының бас бапкері Рикардо Кака.

“34 спортшымыз кемінде 20 медаль алып келсін деп тілейміз. Бізге жеңіс керек. Біз сіздерге сенеміз. Жасасын, қазақ спортшылары!» - деді актер Қуаныш Керімқұлов.

Новости партнеров