Ирандық Амир Мехдизадені 7:2 есебімен жеңді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Дидар Әмірәлі қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық каратэші 67 келіге дейінгі салмақта қола медальді жеңіп алды.
Дидар жартылай финалда екі мәрте әлем және Азия чемпионы, ирандық Амир Мехдизадені 7:2 есебімен жеңіп кетті.
Осылайша, бүгін татамиге шыққан үш қазақстандық каратэші де жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Сондай-ақ олимпиада жүлдегері Софья Берульцева Азия ойындарының финалына шықты.
Оқи отырыңыз: Азия ойындары: Галина Дуванова күміс жүлдегер атанды