Азия ойындары: Қазақстан құрамасы сегізінші алтын медальды иеленді

05.10.2023 21:41

Нұрқанат Әжіқанов - Азия ойындарының чемпионы

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Азия ойындарында сынға түсіп жатқан ұлттық құраманың қоржыны толықты. Каратэден алғашқы алтынды Нұрқанат Әжіқанов қанжығаға байлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Ол финалда Иордания спортшысын 8:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ джиу-джитсудан додаға түскен Нұржан Батырбеков те жеңімпаз атанып, тұғырдан көрінді. Ерлер топтық жекелей велоспорт жарысында велошабандоздар Евгений Федоров пен Алексей Луценко да қоржынымызды толықтырды. Мәреге бірінші келген Федоров алтын, екінші келген Луценко күміс жүлдегер атанды.    

– Біріншіден, сайысты дұрыс бастау керек болды. Екіншіден, бой жағынан қиындық туындады. Ал финалда жақсы нәтиже көрсетіп жатырмын. Шүкір, жанкүйерлерге рақмет. Бұл – менің ғана жеңісім емес, бүкіл команданың жеңісі,  деді Азия ойындарының жеңімпазы Нұрқанат Әжіқанов.

Оқи отырыңыздар: Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алтыншы алтынды жеңіп алды