Футзалдан Қазақстан құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты

24.09.2021 21:42

Қазақстан құрамасы Тайландқа жауапсыз 7 гол соқты

Футзалдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Литвада өтіп жатқан байрақты додада отандастарымыз Таиландты 7:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алдағы айналымда Өзбекстан-Иран жұбының жеңімпазымен жолығады. Айта кетейік, футзалшыларымыз бұған дейінгі топтық кезеңде Коста-Рика мен Литвадан басым түссе, Венесуэламен тең ойнаған болатын.

«Футзал әлемінде осындай жетістікке жеткенімізге қуанып тұрмын. Бұл жеңіс бізге үлкен күш береді. Мұнымен тоқтап қалмай, келесі матчқа дайындаламыз. Себебі қазір әлемдегі ең үздік 8 елдің қатарындамыз», – деді Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Лео Игита.

Теги: футзал