Орта салмақта өнер көрсететін кубалық боксшы әлем чемпионы титулының екінші дәрежелі WBA World белбеуіне ие
39 жастағы Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) ең мықты деген боксшылармен жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Орта салмақта өнер көрсететін кубалық боксшы әлем чемпионы титулының екінші дәрежелі WBA World белбеуіне ие.
"Чарлоның екеуімен де жұдырықтасқым келеді, Дэнни Гарсиямен де. Кит Турман ең мықтылармен айқасқысы келсе, онымен де аралық салмақта жекпе-жекке дайынмын. Эррол Спенс және Геннадий Головкин - осы екеуімен кездесуді қалаймын. Мен әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі екенімді білемін", - дейді ол.