Сербияда өтіп жатқан жарыста қазақстандық спортшылар келесі айналымға өтті
Бокстан кезекті Әлем чемпионаты басталды. Сербияда өтіп жатқан байрақты додаға 105 мемлекеттен барлығы 650-ден астам спортшы бақ сынап жатыр. Алайда доданың алғашқы күнінде жарыс жолына шыққан қазақстандық боксшының жекпе-жегінен кейін күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
57 келіде сынға түскен Серік Теміржанов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді. Ал мықтыны анықтайтын кезде әуелі отандасымыздың бұрышы айтылып, бірақ біздің жеңімпаздың орнына жеңілген моңғолиялық қарсылас Амара Харкуудың есімі аталып кетеді.
Айта кетейік, шаршы алаңға алғашқылардың бірі болып шыққан Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын сәтті бастап, келесі айналымға өтті.