Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді

02.05.2021 21:46

Ол украиналық файтер Антон Радкомен жұдырықтасады

Фото: 365info.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат «Найман» Хамитов (W20-L7-D1) келесі жекпе-жегін 19 маусымда Атырауда өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол украиналық файтер Антон Радкомен жұдырықтасады (11-6).

Соңғы жекпе-жегінде Хамитов  Fight Nights Global турнирінде өткізіп, 49 секундта ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) нокаутпен жеңген еді.