Алматы қаласының Әуезов ауданында шахматтан қалалық жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Үздік шахматшы – 2022» турниріне медицина қызметкерлері қатысты. Дәрігерлердің төл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Сайыста ақ халаттылар 2 топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша сынға түсті.
«Шахмат турнирінде 8 ауданның түрлі денсаулық сақтау мекемесінен 16 медицина қызметкері бас қосты. Қорытынды ойын мен табанды күрестен кейін 3 орынды иеленіп алатын жеңімпаздар алдағы уақытта марапатталатын болады», – деді Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы Ақшолпан Қалданқызы.
«Алдағы келе жатқан мерекемен барлық медицина қызметкерлерін құтықтаймын. Қаншалықты біздің уақыт тығыз болғанымен, осындай спорттық ойындарға қатысып, атсалысып жүреміз», – деді Медициналық жедел жәрдем қызметінің №5 қосалқы станса меңгерушісі Нұржан Жәкешбаев.