Спорт шебері Серік Сәпиевтің ағасы қайтыс болды

27.02.2020 21:53

Бақтай Сәпиев - КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері

Фото: vologda-portal.ru

КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері Бақтай Сәпиев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

"Қазақстан бокс федерациясы Бақтай Сәпиевтің дүниеден өтуіне байланысты Сәпиевтер отбасына көңіл айтады", - делінген ресми хабарламада.

Бақтай Сәпиев - КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Кеңес Одағы құрамасында болған, КСРО - АҚШ кездесуінде жеңіске жеткен. Бокстан КСРО чемпионы болған.

Википедиядағы мәлімет бойынша, ол - бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің ағасы.