«Еңбек» бағдарламасы аясында 42 маман-жаттықтырушы мыңға жуық балаға сабақ береді
Мегаполисте 2400-ден астам ашық спорт алаңдары бар. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда ашық спорт алаңдарында әкімдік тегін жаттығу процесін ұйымдастырды. «Еңбек» бағдарламасы аясында 42 маман-жаттықтырушы мыңға жуық балаға сабақ береді. Жаттықтырушылар саны тағы да жиырма спорт тәлімгеріне ұлғайтылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Жекпе-жек» алты аудандық ашық орталықтарында БЖСМ-нің 14 жаттықтырушысы жаттығу процесін ұйымдастырды.
Спикер осылайша көптеген балаларды спорттық өмір салтына тарту міндеті іске асырылып жатқанын хабарлады. Бүгінде әр баланың тегін жаттығуға, жаттықтырушылармен сөйлесуге, пікірлестермен танысуға және бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндігі бар.
«Біз 61 мектепте спорт аймақтарын жаңғырту жұмыстарын жалғастырдық. Футбол алаңдарын, волейбол және баскетбол алаңдарын, воркаут және жүгіру жолдарын салу көзделген. Бүгінде Алматы мектептерінің спорт залдарымен және спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100% және еліміздегі ең үздік болып табылады», - деп хабарлады Спорт басқармасының басшысы.
Балалар-жасөспірімдер мектептеріндегі спорттық инвентарьды модернизациялау және таяудағы үш жылда толыққанды жаттығу процесі үшін қолда бар инфрақұрылымды жөндеу жоспарлануда. Соның ішінде жоғары спорт шеберлігі мектебінің ғимараты мен Орталық стадионның қосалқы алаңын жөнделетін болады.