|
30.11.2021 | 18:02
5000

Чемпиондар құттықтады: Алматыда спорт колледжінің мерейтойы аталып өтті

Биыл Республикалық спорт колледжінің құрылғанына 50 жыл толды

Чемпиондар құттықтады: Алматыда спорт колледжінің мерейтойы аталып өтті Almaty.tv

Алматыдағы Республикалық спорт колледжінің 50 жылдығы ерекше аталып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мерейлі мерекеге әлемдік аренада көш бастап жүрген саңлақтарымыз бен олимпиада чемпиондары келіп құттықтау сөз айтты.

Тұғырдан түспеген таланттарды тәрбиелеп шыққан спорт колледжі бүгінде көптеген спорт түрлері бойынша шәкірт тәрбиелеп, республикалық құрамның спортшыларын толықтырып келеді.  

«Бұл күнді жалпы қазақ спортының мерекесі деуге болады. Бұл мектептің қабырғасы 1971 жылы осы жерде қаланды. КСРО біріншілігі, әлем біріншілігінің бәріне біздің талантты жастар қатысқан. Көптеген олимпиада чемпиондары осы колледжі оқып бітірген. 478 бала оқитын болса, соның 210-ы – Қазақстанның құрама командасында», – деді Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир