Елордада өтетін Азия чемпионаты кейінге шегерілді

16.01.2022 22:00
olympic.kz

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы елордада өтетін жабық ғимараттағы Азия чемпионатының кейінге шегерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, «Омикрон» штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді», - делінген федерацияның хабарламасында. 

Айта кетелік, Азия чемпионаты биылғы жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс еді.