Каратэден Азия чемпионаты: қазақстандықтар 10 медаль жеңіп алды

23.07.2023 22:07

Чемпионат Малайзияда өтті

elements.envato.com

Малайзияның Мелака қаласында каратэден өткен ХІХ Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жарыстың екі күнінде 10 медаль жеңіп алып, керемет өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үш алтын, үш күміс және төрт қола медаль жеңіп алып, чемпионаттың жалпыкомандалық есепте жоғары орындарға шығуына мүмкіндік берді. Екінші орынды Иран құрамасы алса, үшінші орынды Иордания өкілдері еншіледі.

Алтын медальдардың соңғы тізімі келесідей:

София Берульцева (+68 келі);

Нұрқанат Әжіқанов (-75 келі);

Қайсар Алпысбай (-60 келі).

Күміс медальдар:

Дидар Әмірәлі (-67 келі);

Мөлдір Жаңбырбай (-50 келі);

Гүлмира Үсенова (-55 келі).

Қола медальдар:

Жоламан Биғабыл (-55 келі);

Лия Қошқарбаева (ката);

Данияр Юлдашев (-84 келі);

Абылай Төлтаю (+84 келі).