«Алтын допқа» үміткер футболшылардың тізімі жарияланды

13.08.2022 22:08

Жүлденің қазіргі иегері Лионель Месси үміткерлер қатарында жоқ

prosports.kz

«Алтын допқа» үміткер футболшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Алғашқы ондыққа Тибо Куртуа («Реал», Бельгия), Рафаэл Леау («Милан», Португалия), Кристофер Нкунку («Лейпциг», Франция), Мохамед Салах («Ливерпуль», Мысыр), Йозуа Киммих («Бавария», Германия), Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль», Англия), Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия), Бернарду Силва («Манчестер Сити», Португалия), Луис Диас («Ливерпуль», Колумбия) және Роберт Левандовски («Барселона» / «Бавария», Польша) кірген. «Алтын доптың»  қазіргі иегері Лионель Месси үміткерлер қатарында жоқ.