Қазақстандық конькиші Әлем кубогынан қола жүлде алды

18.12.2022 в 22:08

Бір апта бұрын ол Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде күміс жүлдеге қол созды

НОК РК, Владислав Семенов

Қазақстандық спортшы Надежда Морозова конькимен жүгіруден Әлем кубогының 4-кезеңінде мәре сызығын үшінші болып қиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, аталған бәсеке Канаданың Калгари қаласында өтіп жатыр.

Жарыстың 2 күнінде қазақстандық Надежда Морозова 1500 метрге жарыста үшінші нәтиже көрсетті. Ол тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке есе жіберді.

Бір апта бұрын ол Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде күміс жүлдеге қол созды.