Боксшы осымен 12-жеңісіне жетіп отыр
Орта салмақта WBO-ның уақытша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8КО) отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Бұл – қазақ дәстүріне жат қылық. Біз үлкенге қол көтермейміз. Головкин жоғары дивизионға көтеріледі деп үміттенемін. Өйткені мен орта салмақтағы барлық белбеуді жинағым келеді, - деді Жәнібек Әлімханұлы.
Еске сала кетейік, бүгін отандасымыз Лас-Вегас қаласында британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) қолғап түйістірген болатын. Әлімханұлы бірінші раундта Дигнумды нокдаунға жіберді. Ал екінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша қазақстандық кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта "уақытша" әлем чемпионы атанды. Ал Дигнум кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді.