|
18.10.2021 | 17:14
1010

Қазақстандық спортшы EFC турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді

Ол ресейлік Магомед Магомедовпен болған жекпе-жекте басым түсті

Қазақстандық спортшы EFC турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді Almaty.tv

Хабиб Нурмагамедовтың промоушендік ұйымында өнер көрсететін отандасымыз Дияр Нұрғожай Сочиде өткен EFC турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.       

Ол ресейлік Магомед Магомедовпен болған жекпе-жекте 3 раунд қорытындысы бойынша басым түсіп, мықтылығын дәлелдеді.   

«Ең бастысы, жеңіске жетіп, қойылған тапсырмаларды ойдағыдай орындады. Әрине, шалыс басқан сәттері де болды. Алдағы уақытта қатемен жұмыс істеп, келесі жекпе-жекті ойластырамыз. Диярдың ең басты арманы – қазақтың көк туын көтеріп, UFC-де бақ сынау», – деді Д.Нұрғожайдың бас бапкері Диас Қабдуов. 

Одан бөлек, қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин де халықаралық турнирде жеңіске жетті. Отандасымыз Кипрде өткен байрақты додада асығы алшысынан түсіп, қарсылас шақ келтірмеді. Ол ақтық сында үндістандық Тарун Катаммен алаңға шығып, 2:1 есебімен басым түскен болатын.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир